Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық және мәдени прогрестің жетістіктерін тәжірибелік іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана алатын және олардың әрқайсысында оқу-танымдық  қабілеттерін дамыта алатын жоғары білімді мамандарды даярлау мен тәрбиелеу сапасын арттыру болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті- студенттерді олардың дайындық деңгейін ескере отырып, ғылыми-шығармашылық іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне тарту болып табылады.

Студенттердің сабақтан тыс уақытта орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі түрде ұйымдастырылады:

• студенттердің мемлекеттік бюджет немесе шаруашылық келісімшарт тақырыптарын орындауға, кафедраларда жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына топтық немесе жеке қатысуы;

• көрмелерге, конференцияларға, көрсетілімдерге қатысу.

Академия жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған конкурсты өткізеді:

Хабарландыру: Жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайынғы Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы.

Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық белсенділігін ынталандыру;

- ең дарынды және талантты оқушыларды іріктеу және қолдау;

Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін (потенциалын) қалыптастыруға жәрдемдесу. Байқауға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады. Байқауға жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың басым бағыттары бойынша студенттердің өздігінен жасаған жұмыстары жіберіледі.

2012 жылы Академияның 5В072600 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және дизайны» мамандығының студенттері Айтуганова А., Махаматдинова Ж. Республикалық техникалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында 2 орынға ие болды.

2014 жылдың 3-4 сәуірінде «Сымбат» дизайн және технологиялар академиясының базасында III Халықаралық дизайнерлер және суретшілер байқауы аясында «Бәсекеге қабілетті заманауи жастар – ел болашағы» атты жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға жас ғалымдар:

- студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты.

Конференцияның мақсаты экономика мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін шешуде студенттердің, магистранттар мен жас оқытушылардың ғылыми жұмыстарын белсендіруге ықпал ету болды.

Конференцияның бағыттары:

• Өнер тарихы: Дизайн, Сәндік өнер, Бейнелеу өнері

• Техникалық ғылым

• Гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары

Конференцияның нәтижесінде: ғылыми еңбектер жинағы шығарылды

Академияның ғылыми-зерттеу жұмысы аясында 2015 жылғы басылымның 5В072600 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және дизайны» және 5В073300 «Тоқыма материалдарының технологиясы және дизайны» мамандықтары студенттерінің дипломдық жобалары аяқталды:

 

Студенттің аты-жөні

Дипломдық жұмыс тақырыбының атауы

Ғылыми жетекші

Әбдіманап Айдын Бақытқызы

Психофизиологиялық жайлылықты қамтамасыз ететін оқушы қыздарға арналған блузкаларды өндіруге арналған заманауи көйлек материалдарының сипаттамаларын зерттеу

т.ғ.к. Айтуленова К.Т., т.ғ.к. Асанова А.Е.

Рыспек Сая Мәдиқызы

Мектеп оқушыларына психофизиологиялық жайлылықты қамтамасыз ететін мектеп формасын өндіруге арналған заманауи материалдардың сипаттамаларын зерттеу

т.ғ.к. доцент Айтуленова К.Т., т.ғ.к. доцент Асанова А.Е.

Лесбай Келбет Дәуренбекқызы

Психофизиологиялық жайлылықты қамтамасыз ететін мектеп оқушыларының спорттық киімдерін дайындауға арналған заманауи материалдардың сипаттамаларын зерттеу

т.ғ.к.  доцент Айтуленова К.Т.

Арашова Марал Қожабілмесқызы

Әйелдер киіміндегі дизайн ерекшеліктерінің өзгергіштік заңдылықтарын және олардың балалар бұйымдарындағы бейімделу заңдылықтарын зерттеу (140-34)

т.ғ.к. доцент Асанова А.Е., т.ғ.к Мустафина Ж.Т.

Мурат Айтолқын Нуржанқызы (ХОМ)

Балалар киімінің психофизиологиялық жайлылығын құруды қамтамасыз ететін факторларды зерттеу және үлгі дайындаумен балалар киімінің топтамасын құрастыру (140-34)

т.ғ.к. доцент Асанова А.Е., т.ғ.к. Сеитова Н.Ж.

Тураргазинова Әйгерім Серікқазықызы

3D Үш өлшемді материалдардан тігін бұйымдарын өңдеу режимдерін зерттеу және үлгі жасаумен қыздарға арналған киім топтамасын құрастыру (140-34)

т.ғ.д. проф. Асанова С.Ж., т.ғ.к. Абишева А.Ж.

Есболаева Гульнур Атақелдіқызы

Бәсекеге қабілетті киім шығаратын заманауи кәсіпорынның нормативтік-техникалық құжаттамасын зерделеу және қыздарға арналған жиынтық жасаудың конструкторлық құжаттамасын әзірлеу (134-34)

 

т.ғ.д. проф. Асанова С.Ж., т.ғ.к. Абишева А.Ж.

Жанабилова Актоты Уалихановна

Қазіргі заманғы кәсіпорынның конструкторлық бюросының жұмыс кезеңдерін зерделеу және балалар киімін өндіру бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу (134-34)

т.ғ.д. проф. Асанова С.Ж., т.ғ.к Мустафина Ж.Т.