Вакансии

«Сымбат» Дизайн және технология академиясы профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

-  Профессорлар, доценттер, аға оқытушылар

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, доктор/кандидат/PhD/ өнертану, экономика, педагогикалық және техника ғылымдарының магистрлері, ғылыми-педагогикалық жұмыста 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар болу керек. Ағылшын тілін білуі құпталады.

 

- «Костюм дизайны», «Жарнама дизайны», «Интерьер дизайны» мамандықтары бойынша оқытушылар.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Графикалық бағдарламаларды білу: 3D MAX, PhotoShop, CorelDraw, AutoCAD. Практикалық жұмыста кемінде 2 жыл немесе ғылыми-педагогикалық жұмыста 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар болуы керек. Ағылшын тілін білуі құпталады.

 

- «Сценография, шаштараз және сәндік косметика» мамандықтары бойынша оқытушылар.

Біліктілікке қойылатын талаптар: мамандығы бойынша кемінде 1 жыл практикалық немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, жоғары білім

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш;

2. кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;

3. өмірбаян;

4. жоғары білім туралы дипломның көшірмелері (нотариалды куәландырылған);

5. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі;

6. соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

 

Тел: + 7 727 273-06-00, факс бойынша түйіндеме (резюме) : +7 727 250-73-69, e-mail: hr@symbat.kz

Мекен- жай: Алматы қ., Қонаев к. 47, Әлімжанова к-нің қиылысы  (202 каб. кадр бөлімі)