Бүгін, 15 желтоқсанда "Сымбат" Дизайн және Технология Академиясының колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған КО 9-20-1 тобының студенттері ұйымдастырған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты ашық сабақ өткізілді. Студенттер мен куратор Н.У. Мәуленовамен бірге концерттік қойылыммен ашық сабақты бастады.
Бұл сабақтың мақсаты 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалардың құрбандарын еске алу, ұлттық патриотизмді, бейбітшілікті қалыптастыру, ұлт бірлігін нығайту, Қазақстан – тәуелсіз көпұлтты мемлекет туралы білім мен ұғымды тереңдету және кеңейту. Студенттер ашық сабақ соңында ҚР Тәуелсіздігі тақырыбында интеллектуалды викторина өткізді.Ашық сабаққа директордың тәрбие части жөніндегі орынбасары және жаһандық мәселелер жөніндегі меңгеруші қатысты.